г.Алматы, микрорайон Алгабас, ул. 7, 131
8 727 383 56 11 (регистратура)
8 727 344 27 53 (администрация)

` Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Меню

Біз туралы

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының Қалалық патолого-анатомиялық бюросының бөлімшелері

Алматы қаласы Әкімдігінің 2008 жылғы 25 қарашадағы №6-913 Қаулысының негізінде патологияанатомиялық бөлімшелер клиника құрамынан шығарылып, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының “Қалалық патологоанатомиялық бюро” ШЖҚ КМК құрылды.

Бюроның дербестігі: клиниканың бас дәрігерлеріне тәуелді емес қызметтің бақылау функцияларын неғұрлым тиімді орындауға; материалдық-техникалық базаны нығайтуға; дәрігерлер мен зертханашылардың кәсіби өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беруге; мәйіт, операциялық-биопсиялық материалдармен, құжаттар мұрағатымен, биологиялық қалдықтармен жұмыс істеу қағидалары мен ережелерін біріздендіруге.

Бюроның негізгі қызметі аурулардың тірі кезіндегі диагностикасын жақсарту, өлім себептерін нақтылау, өлім себептерінің мемлекеттік статистикасының шынайы деректерін қамтамасыз ету, емдеуші дәрігерлердің біліктілігін арттыру және диагностика мен емдеудің ақауларына талдау жүргізуді жүзеге асыру, патологоанатомиялық зерттеулердің мерзімдерін қысқарту және олардың сапасын арттыру мақсатында жұмыстың секциялық және биопсиялық бөлімдерінде зерттеулерді біріздендіру арқылы халыққа емдеу-профилактикалық көмекті одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” және 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңдарына, Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы №2/236 Қаулысына сәйкес “Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро” МКҚК Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып өзгертілді.

Қалалық патологоанатомиялық бюро стационарлар, емханалар, перзентханалар, әйелдер консультациялары, Алматы қаласының жеке медициналық орталықтары үшін патологоанатомиялық, цитологиялық және имунногистохимиялық қызметтерді көрсетеді.


Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық патологоанатомиялық бюро» КМК

Алматы қ., Алғабас ы-а., 7-көше, 131 ғимарат
8 727 383 56 11 (тізілім)
8 727 344 27 53 (әкімшілік)

Сайтты әзірлеу
SemStar